379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда оқушы майдангерлер суретінен фотоколлаж құрамақшы

  • 234
  • UPD: 18:06, 21.04.2019
Петропавлда оқушы майдангерлер суретінен фотоколлаж құрамақшы

Жеңіс жауынгерлері. Петропавл қаласының тұрғыны Богдан Рыхликов Жеңіс күніне орай осындай атаумен әлеуметтік жобаны қолға алды.

Нақтырақ айтсақ, жасөспірім жаумен шайқасып, бейбіт өмір сыйлаған майдангерлеріміздің суреттерін жинап, арнайы фотоколлаж жасап шығаруды жоспарлап отыр. 9-сынып оқушысы оны мозаика секілді құрастырмақ. Яғни алыстан қараған сәтте Рейхстакқа ту тігілген көрініс бейнеленеді. Ол үшін шамамен 2 мыңға жуық ардагердің фотосуреті пайдаланылады.

Богдан Рыхликов, жоба авторы:

- Бұл идея маған интернетті ақтарып отырған кезде келді. Дәл осындай дүниені бұрын Ресейліктер жасаған екен. Бірақ онда танк бейнеленген. Ардагерлердің фотосын жинау үшін арнайы электроны пошта аштық. Санаулы күнде міне 500-ден астам сурет келіп түсті. Дайын билбордты мамыр айнында орталық көшелердің біріне орнатамыз. Ол үшін әкімдік арнайы орын қарастырып қойды.

Хабар 24 телеарнасы