379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік жастар алдағы сайлау туралы ойларын ортаға салды

  • 210
  • UPD: 10:11, 23.04.2019

«Сенің дауысың – сенің тағдырың» деген ақтөбелік жастар алда болатын сайлау туралы ойларын ортаға салды.

Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина универсиетінде өткен дөңгелек үстелге өзін өзі басқару ұйымының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Басқосуда спорт пен өнерде жетістікке жеткен белсенді жастар сөз сөйлеп, саяси науқанның маңыздылығы туралы айтты. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын жастарды тарихи шараға атсалысуға шақырды.

Медицина университетінде 5 мыңнан астам студент білім алып жүр. Олардың көбі еліміздің түкпір-түкпірінен білім іздеп келгендер. Облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма тағы бірнеше оқу орнында осындай шара өткізуді жоспарлап отыр.

Бекзат Молдин, М. Оспанов атындағы ММУ оқытушысы:

- Бұл жерде негізгі тақырып электоралдық мәдениет. Сайлаушылардың құқығы мен олардың мәдениеті, белсенділігін арттыру. Әркім сайлауға барған кезде кандидатқа дауыс беру үшін ғана емес, «Өз даусым, өз тағдырым маңызды» деген мәдениет қалыптастыру. Біздің әріптестердің арасында Италия мемлекетіндегі сайлауды көрген әріптестер бар. Сол кісілермен халықаралық тәжірибе бөлісу. Қазір байқап жүргенім, жылдан жылға жастардың қатысу мәдениеті, дауыс беру, таңдау еркіндігі жоғарылап келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы