379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда қоғамдық медиаторлар дайындалады

  • 157
  • UPD: 23:16, 02.05.2019
Талдықорғанда қоғамдық медиаторлар дайындалады

Талдықорғандағы Достық үйінде медиациялық орталық жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда салаға қатысты заңнамалық кітаптар жиналып, қоғамдық медиаторлар дайындалмақ. Татуластырушы маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатына судьялармен арнайы келісімшарт жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясынан кейін облыстық филиал өкілдері осындай бастаманы қолға алды. Бүгін сала қызметкерлері басқосып, Нұр-Сұлтан қаласындағы алқалы жиыннан алған әсерімен бөлісті. Алдағы уақытта атқарылар жоба жоспарларын талқылады. Сессияда қабылданған үндеуден туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға күш салатынына тоқталды.

Ғабит Тұрсынбай, ҚХА Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Медиацияны дамыту, Жастар жылын мазмұнды етіп өткізу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту, оны меңгерудің сапасын арттыру бағыты бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы