379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да президенттікке үміткер Қ. Тоқаевтың облыстық сайлауалды қоғамдық штабы құрылды

  • 174
  • UPD: 19:18, 04.05.2019

Солтүстік Қазақстанда президенттікке Nur Otan партиясының атынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық сайлауалды қоғамдық штабы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құрамына өңірге танымал тұлғалар, облыстың құрметті азаматтары, партия белсенділері сынды 250 адам кірді. Енді алдағы уақытта сенімді өкілдер ауыл-аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездеседі. Мақсат– кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын халыққа кеңінен насихаттау.

Біржан Жалғасбаев, облыстық штаб жетекшісінің орынбасары:

– Дайындығымызды түгендеп, халықты бұл күнге бей-жай қарамауға шақырамыз, еліміздің болашағы үшін таңдау жасау керекпіз. Сенімді өкілдерге куәліктер табысталады.

Хабар 24 телеарнасы