379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандағы жәрмеңкеде 20-дан аса тауар өндірушінің өнімдері қойылды

  • 95
  • UPD: 15:28, 10.05.2019
Түркістандағы жәрмеңкеде 20-дан аса тауар өндірушінің өнімдері қойылды

Түркістанда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға бес ауданынан келген 20-дан аса тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Мәселен ет, көкөніс, сүт өнімдері, жұмытқа, балық, бал мен жеміс-жидектер саудаға шығарылды. Барлығы 53 тонна болатын 35 млн теңгенің өнімі халыққа ұсынылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну тауарлары мен азық-түліктер өнімдері базардағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылды. Жалпы бүгінгі күні Түркістан қаласында 14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетуде.

Жәнібек Молдабеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Негізгі мақсат – бағаны тұрақтандыру. Халықтың қызығушылығы жақсы, жақсы өткіздік. Сауда болды. Тауар өндірушілердің өзі де дұрыс деп атап кетті.

Хабар 24 телеарнасы