379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр Нұр-Сұлтан – Павлодар тасжолының құрылыс барысымен танысты

  • 82
Роман Скляр Нұр-Сұлтан – Павлодар тасжолының құрылыс барысымен танысты pavlodarnews.kz

ҚР Индустрия және инновациялық даму министрі Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Роман Скляр Нұр-Сұлтан – Павлодар автожолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Шідерті кентінің маңындағы учаскесінде болды. «Қазавтожол» ҰК» АҚ министрді жұмыс барысымен таныстырды. Автобанның толығымен пайдалануға берілуі үшін жолдың бірнеше учаскесінде құрылыс жұмыстарын аяқтау керек. Роман Скляр мердігерлерден трасса құрылысын тез арада аяқтауды талап етті. - Жұмыстарды аяқтайтын нақты мерзімді белгілеңіздер, - дейді Роман Скляр. – Бұл жолдың құрылысын тез арада аяқтау керек. Жұмыстарды атқару графигін қайта қарауды бұйырамын. Облыс әкімі Болат Бақауов, өз кезегінде, мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын неғұрылым ерте тәмамдау қажеттілігін ескертті. - Күн жылы, әрі ұзақ болған кезде белсеніп қалу керек, - дейді Болат Бақауов. – Егер жұмыстар қазан-қараша айларына дейін жалғасып кетсе, ауа температурасы 0 градустан түсіп кетеді. Сол уақытта күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр боласыздар.

ҚР Индустрия және инновациялық даму министрі құрылыс жұмыстарының сапалылығы бойынша жауапкершілік, түптеп келгенде, тапсырыс беруші, яғни министрліктің мойнында қалатынына ерекше назар аударды. Сонымен бірге, Роман Скляр ел тас жолдарындағы асқынжүк тасымалын болдырмаудың маңызыдығын қадап айтты. - Павлодар облысында шектен тыс жүк тасымалын болдырмау бойынша бақылауды күшейту жұмыстары пилоттық режимде жүзеге асырылуда, - дейді Роман Скляр. 2017 жылдан 2018 жылға дейін облыстық көліктік инспекция айыппұлдар мен тексерістер санын 3,5 есе арттырған. Бір күні біздер 47 тонна қиыршық тас артып келе жатқан қытайлық жүк машинасын тоқтаттық. Бұдан кейін жолдарымыздан не қалатынын өздеріңіз аңғара беріңіз. Айта кетейік, биыл облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеудің барлық түрлеріне 200 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде республика бойынша 10 мың шақырым автожолдар жөндеуден өткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы