378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жұмыс іздегендер мен бос орындар арасында сәйкессіздік байқалады

  • 142
  • UPD: 08:01, 22.05.2019

Алматыдағы жұмыспен қамту орталығында бүгінде он мыңнан астам жұмыссыз тіркелген.

Бірақ қаладағы жұмыссыздардың санынан бос орындардың көрсеткіші екі есе артық.

Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері екі қолға бір күрек іздеген 14835 адам тіркелді. Бұл жұмыссыз екенін жария еткендер ғана. Статистикалық  мәліметтер бойынша, қалада қызмет көрсету саласында сұраныс жоғары. Ал заңгер және қаржы саласына сұраныс төмен. Журналистика саласы да тапшы мамандықтардың тобында. 

Ал, керісінше, қалада 23 мыңнан аса бос орынға маман қажет. «Бұл қарама-қайшылық бос орындар мен жұмыссыздардың мамандығына байланысты туындап отыр», – дейді сарапшлар.

Оксана Ткаченко, Орталық Азия бойынша маман іздеу компаниясының жетекшісі:
- Бізде қазір инженерлік-техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Атап айтсақ, ІТ, металлургия, машина жасау және денсаулық сақтау салалары. Жұмыс берушілер өзіне қажетті мамандарды оқытуға дайын. Сондай-ақ фрилансерге сұраныс артып келеді. Яғни қашықтан жұмыс істейтін мамандардың қажеттілігі туындап отыр. 

Мәселен, Алматыға туристердің көптеп келуіне байланысты қызмет көрсету саласында мамандарға сұраныс күн санып артып келеді. 

Ғабит Селубаев, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Жаңадан келіп жатқан жұмыссыздар қатарынан болсын, көп балалы отбасылар бар, аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде жаңа бизнес бастау идеясы бар адамдарға берілетін ақша түрлері бар. Шаштараз, әрлеуші, дизайнер және тағы басқа мамандықтарға бір айдан алты айға дейін оқуға жіберіледі. 

Жеке кәсіп ашамын дегендерге 500 мыңға дейін арнайы грант және жиырма миллион шамасында шағын несиелер беріледі. Мұнымен қатар қайта даярлау курстары жұмыс істейді.

Ғабит Селубаев, Алматы қ. жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Жыл басынан гранттарға 143 адамға жолдама берілді, соның ішінде 40 адам грант алды. Қалған адамдардың құжаттары рәсімделуде. Микронесиені 35 адам алды. Қайта даярлау курсына 382 адам жіберілді.

Бизнесті қолдау жобасы көп балалы отбасылар бөлімімен толыққан. Яғни жоғары білімі жоқ аналарды әрлеуші, дизайнер және шаштараз курстарында оқытып, арнайы сертификат беріледі. Әрі қарай шағын кәсіп ашамын десе, 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі шағын несиелер беріледі. 

Авторлары: Аршын Кемелжан, Серік Бақбаев

Хабар 24 телеарнасы