389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 484 сайлау учаскесі жұмыс істейді

  • 542
  • UPD: 15:19, 25.05.2019
Жамбыл облысында 484 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Жамбыл облысында кезектен тыс президенттік сайлауға 718 мыңға жуық сайлаушы қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 40 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Саяси науқан кезінде өңірде 484 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлауды әділ әрі заңды өткізу мақсатында Орталық сайлау комиссиясының өкілдері арнайы семинар-кеңес өткізді. Басқосуда дайындық жан-жақты пысықталып, «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгертулер түсіндірілді. Жиынға аймақтағы 496 аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары қатысты. Саяси шара кезінде негізгі салмақ сайлау учаскелеріне түседі. Сондықтан ондағы жауапты мамандардың заңдық, құқықтық сауаттылығына баса назар аударылды. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайлау тақырыбында өткен ұлттық викторина қатысушыларымен кездесті. Жастарды жауапты кезеңде барынша белсенді болуға шақырды.

Сабиля Мұстафина, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Бірінші кезекте жергілікті 18 жасқа толған жастардың сайлау жөнінде құқықтары туралы ақпараттандырылғанына көз жеткізгім келді. Сондай-ақ бүгін ұлттық викторинаға еліміздің 26 жоғары оқу орнынан 197 студент қатысып жатыр. Халықаралық деңгейдегі жобаның тақырыбы сайлау жөнінде. Жеңімпаз ғылыми студенттік дебатқа қатысады. Мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстандық студенттерден бөлек Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Ресей елдерінің жастары да қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы