378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 287 млн теңге бөлінді

  • 193
  • UPD: 15:15, 25.05.2019
Атырау облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 287 млн теңге бөлінді

Оқу жылы аяқталғаннан кейінігі жауапты кезең балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Биыл жазғы маусымда Атырау облысындағы 1-10 сынып аралығындағы 117 мың оқушының 97% демалыс лагерьлерімен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы, облыс аумағында арнайы жабдықталған 4 лагерь бар, оған қоса биыл 145 мектептің жанынан ыстық тамақпен қамтылатын лагерьлер ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар Кавказдағы шипажайларға емдеу-сауықтыру бағытында 4 мың баланы апару жоспарлануда. 70 мектептің жанынан шатырлы лагерьлер ашылады, биыл тұңғыш рет сарбаздар клубтарының лагері де жұмыс істейтін болады. Жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат та бөлінген. Сонымен қатар мұнайлы өлкедегі шетелдік компаниялар мен ірі кәсіпорындар да демеушілік жасамақ ниетте. Бюджет қаржысы бойынша негізгі басымдық ең алдымен аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы мүшелері мен сабақты үздік оқитын оқушыларға беріледі.  

Жансұлу Төремұратова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Биыл 287 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл ауқымды, жақсы қаражат деп есептейміз. Соны тиімді пайдалануға, балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыруға, денсаулығын арттыруға жұмсаймыз деп ойлаймыз. Оған қоса өлкетану бағытында жыл бойына көптеген шара жүргізіліп келе жатыр. Жазғы демалыс күндері де астанаға, тарихи өлкелерге біздің балаларымыз саяхат ретінде елді көріп, тамашалап қайтатын жағдайы болады.

Хабар 24 телеарнасы