389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда екі отбасыда үшем дүниеге келді

  • 437
  • UPD: 09:29, 01.06.2019
Түркістанда екі отбасыда үшем дүниеге келді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістанда екі бірдей үшем өмірге келді. 27 жастағы Динара Нарханова екінші рет ана атанып отыр.

Бұрын бір қызы болған. Жүктіліктің 31 аптасында мерзімінен бұрын 3 ер баланы дүние әкелді. Нәрестелер толық жетілмегендігіне байланысты туған кезде жағдайы ауыр, тыныс жетіспеушілігі 2-3-ші дәрежеде болған. Қазір сәбилердің жағдайы жақсы,- дейді дәрігерлер. Ал екінші үшемді дүниеге әкелген Сайюра Токлиева бірден көпбалалы ана атанды. Өйткені, оның бұған дейін 2 ұл, 1 қызы болған. Облыс әкімдігі тарапынан үшемдердің барлығына қоларба мен арнайы төсектер берілді. Айта кетейік, бұл Түркістан облысында жыл басынан бері дүниеге келген 3-үшемдер. 

Сайюра Коклиева, көп балалы ана:

- Үшем болады деп ойламадым. 5 апталығында естіген кезде өте бақытты болдым. Қуанышым қойныма сыймай, соларды көру арман болды. Денсаулығым жақсы, жүктілік те жақсы өтті. Операция да жақсы өтті. Балаларым бірінен кейін бірі жылап, дүниеге келді. Фатима, Зухра, Исмайл болды.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Үйіне шығарып жатырмыз. Салмағы аз болғандықтан балаларды дәрігерлер қарап,  күтіп, баптап, үйіне жақсы жағдайда шығарып жатырмыз. Бұдан былай ірі отбасына медибике бөлінетін болады, осы үшемдердің жағдайын қарап, бақылауда ұстап отыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы