384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өтетін президент сайлауына өзге елдер қызығушылық танытып отыр

  • 441
  • UPD: 08:43, 07.06.2019

Еліміздің болашағы үшін аса маңызды науқанға өзге мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр.

Соның дәлелі болар 1 мыңнан аса шетелдік байқаушы тіркеліп, сайлаудың өту барысын жіті бақыламақ. Олардың 800-ден астамы түрлі халықаралық ұйым өкілдері.

Халықаралық байқаушылардың жартысына жуығы ТМД елдерінің өкілдері. Миссия штабында Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген 432 байқаушы бар. Олардың 20-сы ұзақ мерзімге тіркелген.

Евгений Слобода, ТМД байқаушылар миссиясының штаб басшысы:

- Біздің байқаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен өңірлердегі сайлау бөлімшелерінде болды. Жалпы сайлауалды науқан қалыпты өтіп жатыр. Кезектен тыс сайлау болғанына қарамастан, орталық сайлау комиссиясы жауапкершілікпен жұмыс атқаруда. Аймақтық сайлау комиссияларымен де байланыс жақсы.

Иә, кезектен тыс Президент сайлауының маңызы ерек. Саяси науқанға, әлем көз тігіп отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының өкілдері де Қазақстандағы сайлау үдерісін бақылайды. Бұл ұйымнан 25 мемлекеттің өкілдері тіркелген. 

Владимир Норов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Бұл біздің 48-миссиямыз. Ал Қазақстан бойынша 10-ншысы. Біздің міндетіміз елдегі сайлаудың ашық әрі әділ өтуін бақылау. Қазақстанда бірқатар заңнамалық өзгерістер орын алған. Бұл өте жақсы үрдіс. Жалпы Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары арнайы тұжырымдама аясында жұмыс істейді. Осы сайлау нәтижесінде лайықты қорытынды шығарамыз деп ойлаймын. 

Бүгінде орталық сайлау комиссиясына 1000-нан аса шетелдік байқаушы тіркелді. Олардың 800-дейі халықаралық ұйымдардың өкілдері. Олар сайлау күні Қазақстанның әр түкпірінен бөлек Баку, Бішкек, Ереван, Минск, Санкт-Петербор және Мәскеудегі сайлау барысын бақылайтын болады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы