383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 1 млн-ға жуық сайлаушы тіркелген

  • 100
  • UPD: 10:33, 09.06.2019

Бүгін  Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау күні.

Мемлекетіміз үшін аса маңызды сәтке қазақстандықтар үлкен жауапкершілікпен атсалысуда. Сайлау учаскелері заң талаптарына сай таңғы 7-ден бастап іске кірісіп кетті. Қазір еліміздің шығысында осы бір саяси күннің қалай басталып жатқаны туралы мәлімет алмақпыз.

Мінеки, көзді ашып-жұмғанша сайлау күні де келіп жетті. Жалпы, біздің облысымызда 1040 сайлау учаскесі бар. 1 миллионға жуық сайлаушы тіркелген. Заң талаптарына сай барлық учаскелер таңғы 7-ден бастап өз міндеттеріне кірісіп жатыр. Оған біз де куә болдық.

Нақтырақ айтқанда, біз қаладағы №40 сайлау учаскесінің ашылу сәтін байқадық. Аталған учаске қаланың қақ ортасында орналасқан десек те болады. 2550 сайлаушы осы жерде тіркелген екен. Яғни енді күні бойы тұрғындар келіп өз құқықтарын пайдаланып дауыс берулеріне болады. Ал облыс орталығы Өскеменде 120 учаске жұмыс істеп тұр бүгін. Сонымен қатар шаһарда 244 667 сайлаушы тіркелген екен.

Эльдар Төлеубеков, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Сайлауда барлық адамның дауыс беруіне толық жағдай жасалуы керек, тең дәрежеде. Ешкімнің құқығына шектеу жасалынбауы қажет. Осы бағытта бізде үлкен жұмыстар атқарылды. Барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруіне қолайлы бұрыштармен жабдықталған. Сонымен қатар әдістемеліктер және лупа сынды үлкейткіш құралдар да бар. Ал үйден дауыс беретіндерден өтініш түсу керек. Одан соң сол мекен жайларға дауыс беру жәшіктері жеткізілетін болады.

Сайлау барысын шетелдік байқаушылар назарда ұстап отыр. Алыс-жақын елдерден келген біршама азаматтар сайлау учаскелерінде жұмыс істеуде. Олардың біразы сайлауға дейінгі шараларды да бақылаған болатын. Негізінен олар сол Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы, ТМД және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы