378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда азаматтық қоғам болашағы талқыланды

  • 71
  • UPD: 15:18, 12.06.2019
Алматыда азаматтық қоғам болашағы талқыланды

5 жылдан кейін Орталық Азиядағы азаматтық қоғам қандай болады?

Бұл сұраққа әлемнің 20 елінен келген азаматтық бастамалардың өкілдері жауап іздеді, деп хабарлайды «Хабар 24». «Болашаққа көзқарас» халықаралық конференциясына қатысушылар соңғы 15 жылдағы азаматтық қоғамның даму жолдарын сарапқа салды. Олар азаматтық ұстанымға және адамдардың санасына әсер ететін инновациялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті. Жиынға қатысушылар үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары өмір сапасын жақсартатынын баса айтты.

Жәмилә Асанова, «Арго» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының жетекшісі:

- Біз қызықты жобаларға байқау жарияладық. Шындығында, азаматтық қоғам белсенділері қайырымды істерді көп атқарады. Бірақ олар бұл істерін көпшілікке жария ете бермейді. Сондықтан осы байқауды ұйымдастырдық. 80-нен астам өтініш келіп түсті. Онлайн дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Жеңімпазды анықтауға Орталық Азия бойынша 6 мыңнан астам адам атсалысты. Байқау нәтижелері ертең белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы