389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік жүргізушілер өрт сөндірушілерге жол бере бермейді екен

  • 259
  • UPD: 15:14, 12.06.2019
Семейлік жүргізушілер өрт сөндірушілерге жол бере бермейді екен

Семейде өрт сөндірушілер мен полицейлер бірігіп, сауатсыз жүргізушілерге сабақ өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өрт сөндіру көлігіне жол бер» акциясына қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің автокөлігі мен жол-патрульдік полициясы қатысты. Арнайы дабыл мен қызылды-жасылды белгілерін қосып, шартты бағытпен жүріп өткенде жүргізушілердің бәрі жол бере бермейтіндігі байқалды. Тәртіп сақшылары кейбіреуіне ескерту жасаса, шектен шыққандарына айыппұл салды. Жалпы, жыл басынан бері 220 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапқанын айта кетейік. Тілсіз жаудың келтірген шығыны бір миллион теңгеден асып кеткен.

Ержан Сарқытбаев, №2 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

- Тілсіз жаумен айқасқа асығып бара жатқанда көптеген кедергілерге тап боламыз. Көлік тығыны, кептелістер жолымызды бөгейді. Өкінішке қарай, дабылды қосып қойғанның өзінде мойын бұрып қарамайтындар бар. Ал біз үшін әрбір секунд қымбат екенін ұғынса дейсің жұрт.

Хабар 24 телеарнасы