378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында алдағы тәулікте аптап ыстық сақталады

  • 74
  • UPD: 23:43, 13.06.2019
Маңғыстау облысында алдағы тәулікте аптап ыстық сақталады Túrkistan

Маңғыстау облысында жаздың аптап мезгілі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Қарақия, Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында сынап бағаны күндіз +40 градусты көрсетуде. Синоптиктер өңірге көрші Иран аумағынан көтерілген биік антициклон әсерінен қатты ыстықтың алдағы тәулікте сақталатынын айтып отыр. Әзірге белгілісі, басынан күн өтіп дәрігерге қаралған адам емханаларда тіркелмеген. Елді мекендерде электр желілері ақаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгін аймақтың солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ауа температурасының 39 градустан жоғары болатыны жөнінде өңір халқына SMS-хабарлама жіберілді. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға алыс сапарға шықпауға және өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.

Анаргүл Құрманғабылова, «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының инженер-синоптигі:

- Облысымыздың басым бөлігінде қатты ыстық сақталуда. Алдағы тәулікте де бұл ыстық сақталады. Жоғары қысым аймағында болғандықтан ауа райы жаз мезгіліне тән ашық, жауын-шашынсыз. 14 маусымда жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 18-23, кей жерлерде 26, күндіз 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы