383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылады

  • 177
  • UPD: 23:36, 16.06.2019
Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылады

Биыл Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жылына бес мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Өңірде алғаш рет қолға алынған жобаның құны – 3 млрд теңге. Оның 30 процентін кәсіпкер қалтасынан шығарса, қалғаны несие қаражаты. Фабрика ашылған соң 150 жұмыс орны құрылады. Жалпы аумағы 70 гектар жерде 16 құс ұстау кешені салынып жатыр. Әрқайсысында 32 мыңға жуық тауық өсіріледі. Осы жазда фабрикаға электр желілері тартылуы тиіс. Мұнан соң құс бағылатын кешендердің ішіне желдету және жылу жүйелері орнатылады.

Айта кетейік, іскер азамат көршілес Мұнайлы ауданында тағы бір цех салып жатыр. Мұнда жылына 10 тоннадай құс және мал жемі дайындалады.

Данияр Тұрғынов, құс фабрикасының директоры:

- Бұл құс фабрикасының өзгешелігі ол төрт алаңнан тұрады. Біріншісі, инкубаторлық цех. Жұмыртқадан балапанды шығарамыз. Ол балапанды осы құс ұстау ғимараттарына алып келіп, бағып-өсіреміз. Өскен соң цехта сойылады. Мұздатылған күйде Маңғыстау халқына жетіп отырады.

Хабар 24 телеарнасы