389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа велосипед жолдары пайда болады

  • 297
  • UPD: 09:01, 17.06.2019

Шымкентте алдағы уақытта жаңа велосипед жолдары пайда болады.

Қазір қала орталығында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Естеріңізде болса, шаһарда осыдан 3 жыл бұрын велосипедпен жүру қолға алынған болатын. Алғашқы велобекеттер де сол кезде пайда болды. Ал қазір олардың саны қырыққа жетті.

Көп ұзамай жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер Шымшаһардың көшелерінде еркін жүретін болады. Қазір жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп, жаңадан веложолдар салынуда.

Абай Тұрханов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Байтұрсынов көшесінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары барысында жаяу жүргіншілер үшін аяқ жол  және веложолдар салынуда.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Бұл велосипедтерді Шымшаһарда көбінесе жастар тебеді. Мәселен өткен жылы 700 ге жуық велокарта сатылса, соның 500-ге жуығын студенттер иеленген. Дегенмен әлі де қаладағы веложолдар да мәселе жетерлік дейді сала мамандары.

Алғашқы велосипед жолдары Шымкентте 2016 жылы пайда болды. Мұндай жолдың бағыты қалада 12 шақырымды қамтиды. Бастапқыда жаяу жүргінші жолмен қатарласқан бұл жолдар тұрғындардың жүріп тұруына көп кедергісін келтірген.

Мақсат Айдар, велосипед таратушы серіктестігінің механигі:

– Велосипед мәселесіне қызығып жатқандар көп. Ал жолдар жаяу жүргіншілерден бөлек орналасқаны дұрыс. Байтұрсынов көшесін көретін болсаңыз, жаяу жүргінші бір бөлек, веложол бір бөлек.

Мамандардың айтуынша велосипедттер қолданысқа берілген 3 жылда ешқандай ұрлық болмаған. Тек ара-тұра тұрғындар бұзып қойғаны болмаса ыелосипедттерге шығын келтірмеген. Ал 9 жылдан бері екі дөңгелекті көлікпен дос болған қала тұрғыны Нұрлан Бектаев шаһар халқы жаппай велосипедпен жүруге дайын емес дейді. Себебі осы уақытқа дейін жолдар сай емес болатын. Енді ғана жағдай жасалынып келеді дейді ол.

Нұрлан Бектаев, қала тұрғыны:

– Авто жүргізушілер бізге түсіністікпен қарайды. Біз басты жолмен кетіп бара жатсақ, бағдаршам жоқ жерде бізді жібереді. Бұрынғыдай емес. Енді жаяу жүргіншілер түсіністік танытса деген ниет бар. Себебі олар Шымкенттегі осыдан қала билігі 3 жыл бұрын істеген веложолдармен асықпай жүре береді.

Тұрғындар негізінен бұл көлікке күн салқындаған мезгіл көктем мен күзде көбірек мінетін көрінеді. Қазір 200 велосипед қызмет көрсетеді. Егер жолдар жаңаланса немесе шақырым ұзарса велосипед саны көбейеді.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы