389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билік пен бұқараның арасында ашық диалог орнамақ

  • 271
  • UPD: 16:10, 17.06.2019

Азаматтар барлық салада әділдік орнағанын қалайды, - деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келешекте жүзеге асуы тиіс 10 басым міндетті белгіледі.

Олардың қатарында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жойып, сот және құқық қорғау саласын реформалау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері бар. Бұл ретте әкімдерге билік пен бұқараның арасында ашық диалог орнатып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу тапсырылды.

Сағи Алдабергенов, еңбек ардагері:

– Қасым-Жомарт Кемелұлының халықпен кездесу үшін қоғамдық кеңес құрамыз деген сөзіне қуаныштымын. Халықтың даусын есту керек деп ойлаймын.

Мәлік Құлшар, облыстық мәслихат депутаты:

– Ең бастысы – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру керек. Яғни жұмысы, баспанасы болуы, оның бала-шағасының оқуына, емделуіне мүмкіндігі болуы, мемлекеттің алдындағы басты мақсат деп айтылды. Біз соны жүзеге асыруға жұмыстанатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы