384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда биыл газдың жарылуынан қираған үйді жөндеу жұмыстары басталды

  • 177
Таразда биыл газдың жарылуынан қираған үйді жөндеу жұмыстары басталды

Таразда ақпан айында газ жарылысынан қираған үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Оқыс оқиға кезінде 4 адам қаза болған еді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, енді осы Мыңбұлақ шағын ауданындағы 62-үйге демонтаж жұмыстары жүргізілетін болды. Жаңа жобаға орай бұл үйдің барлық қабаттарында лоджиялар пайда болады. Үйді қалпына келтіруге 270 миллион теңге жұмсалады. Жұмыстар қазан айында аяқталады. Сол уақытта мұнда 28 отбасы көшіп келеді деп жоспарланып отыр.

Ғазиз Ералиев, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- 6 кіреберістен тұратын үй темір бетоннан салынған. 3, 4-кіреберістердің іргетасын қалады және қалпына келтіріледі. Ал қалған кіреберістер толық жөнделеді.

Хабар 24 телеарнасы