384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында қонақүйлердегі өрт қауіпсіздігі тексерілуде

  • 218
Атырау облысында қонақүйлердегі өрт қауіпсіздігі тексерілуде

Атырау облысында барлық қонақүйлер мен демалыс орындарының өрт қауіпсіздігі тексеріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бизнестің осы түрімен айналысатын кәсіпкерлер қадағалаудың мардымсыздығынан соңғы кезде қауіпсіздікке салғырт қарай бастаған. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 15-нен 16-на қараған түнде облыс орталығындағы қонақүйден өрт шығып, 31 адам ажал құша жаздады. Оның 29-ы – көрші облыстан жарысқа келген балалар. Абырой болғанда, бұл жолы зардап шеккендер болған жоқ. Бүгінде Атырау облысында 94 қонақүй мен жатақхана, 35 ойын-сауық орталығы бар. Осы нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын мамандар енді жіті қадағаламақ.

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Әрбір қабатта екі-үш шығу есігі болуы керек. Және кіре беріс бөлмесі 100 метрден асатын болса, 20 метр сайын көшіру жоспары ілінуі тиіс. Және өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша дабыл қаққыштар-сигнализациялар болуы тіисті. Алғашқы өрт сөндіру құралдары сонымен қатар әкімшілік жарық беретін қолшамдармен жабдықталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы