384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер заңсыз жолаушы тасыған бірнеше көлікті анықтады

  • 149
Қызылордалық полицейлер заңсыз жолаушы тасыған бірнеше көлікті анықтады

Сырбойылық полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан бірнеше көлікті айып тұрағына жөнелтті.

Олардың басым бөлігінде ешқандай құжат жоқ болып шыққан. Бұл ел аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы кезінде анықталды. Мамандардың айтуынша, өңірде салық органдары немесе қоғамдық көлік мекемелеріне тіркелмей-ақ, адам таситын транспорт түрлері көбейіп кеткен. Орта сыйымдылықтағы шағын автобустар қаланың бірнеше жерін заңсыз автотұраққа айналдырып алған. 

Азамат Оспанов, ЖПҚБ басшысының орынбасары:

– ІІМ нұсқауына сәйкес «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның мақсаты – жол-көлік оқиғасының алдын алу және жүргізушілердің заң жүзінде жол ережелерін түсіндіру болып табылады. «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы өз жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы