Арысқа бүгін тағы әскери мамандар тиелген он шақты камаз кірді.
Қазір қаланы жарылғаш заттардан тазарту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұған дейін оқиға орнында 1800-ге жуық әскер мен 50-ден аса техника тартылғаны хабарланған еді. Ал жергілікті тұрғындарды әзірге бұнда кіргізбейді. Барлық жолдар жабық. Соған қарамастан шаһардың оңтүстік батысынан кіруге талпынып жатқан халық көп, дейді оқиға орында жүрген меншікті тілшіміз. Оның айтуынша, көпшілік үйлерінде қалған құжаттарын, ақшаларын және киімдерін алғысы келеді. Тіпті кейбіреулер балалары қалғанын да айтқан.