389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы жымқыру күдігімен білім министрінің көмекшісі ұсталды

  • 244
Қаржы жымқыру күдігімен білім министрінің көмекшісі ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтап, ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісін қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оған студенттер үшін жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қарыжыны қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік келтіріліп отыр. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген таратылған мәліметте. Аталған күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның айыптылығының деңгейін анықтай отырып, сот белгілейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы