384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эльмира Суханбердиеваға қатысты соттың өтетін күн белгілі болды

  • 163
  • UPD: 12:15, 05.07.2019
Эльмира Суханбердиеваға қатысты соттың өтетін күн белгілі болды Tengrinews

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты іс елордалық сотта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Суханбердиеваға қатысты қылмыстық іс 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда №2 Есіл аудандық сотында қаралады. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еске салсақ, 2 шілдеде Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілген еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, ол процессуалдық келісімге келген.

Хабар 24 телеарнасы