389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті

  • 277
  • UPD: 18:31, 11.07.2019

Әлем сіздермен мейірімді! Елордадағы бұрынғы қарттар үйі, қазіргі әлеуметтік қымет көрсету орталығында дәл осындай атаумен қайырымдылық акциясы өтті.

Оның аясында қалалық Қазақстан халқы асссамлеясының өкілдері осы мекеме тұрғындарына ерекше тарту жасады. Ассамблеяға қарасты этономәдени бірлестіктер арнайы концерт ұйымдастырса, басқа белсенділер дастархан жайды. Түрлі сыйлықтар табыстады. Айта кету керек, қайырымлыдық акциясы осымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп тұр және алдағы уақытта да дәстүрлі ұйымдастыру жоспарда бар.

Ардақ Сейітова, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

- Қалада біз «қарттар үйі» мекемесі болғандықтан мемлекеттік мекемелер, жеке команиялар, балабақшалар бізге жиі келіп, осы кісілердің көңілін көтеріп, қаланың сыртындағы демалыс орындарына да шақырып отырады.

Хабар 24 телеарнасы