384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда салықтық рақымшылық туралы заң жобасы жарияланады

  • 109
  • UPD: 15:39, 12.07.2019
Қазақстанда салықтық рақымшылық туралы заң жобасы жарияланады

Жуық арада Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық туралы заң жобасы жарияланады.

Бұл туралы Алматыда өткен семинарда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары хабарлады. Жайдар Іңкербаевтың айтуынша, тұрғындар қазіргі салық берешектері мен қарыздарын уақытында төлесе, өсімпұлдар мен айыппұлдары кешіріледі. Бұл көлік, жер және басқа да салықтарға байланысты. Ал бизнес саласында рақымшылық біраз уақыттан бері жасалуда. Тек жыл басынан бері 39 мың заңды тұлға мұндай мүмкіндікке ие болған. Жалпы 7,5 миллиард теңгеден аса салық төленген. Оның ішінде шамамен 2 миллиарды өсімпұл және айыппұл ретінде есептен шығарылған. Семинарда камералдық бақылау жүйесінің ерекшеліктері де түсіндірілді 

Жайдар Іңкербаев, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Біз мысалы тексеріске салық төлеушілерге, бизнесқа шықпаймыз. Біз сол тексерулерді өзіміздің кабинеттерде жаңағы құжаттарды салыстырып жүргіземіз де, есептемелерді салыстырып жүргіземіз де салық төлеушілерге хабарлама жібереміз. Сол кезде салық төлеушілер өз еркімен жаңағы қателіктерін дұрыстауға мүмкіншіліктері болады.

Хабар 24 телеарнасы