384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда перзентханадағы медбикелерге сөгіс жарияланды

  • 150
  • UPD: 15:47, 13.07.2019

Тараздағы облыстық перзентханада болған шулы оқиғадан соң мекеме күзетшісі жұмыстан қуылып, мейірбикелерге сөгіс берілді.

Естеріңізге сала кетейік, перзентхана қызметкерінің телефонмен сөйлесу сәтін пайдаланып, бақылаусыз қалған нәрестені 22 жастағы әйел ұрлап әкеткен еді. Ол бұған дейін осы перинатальдық орталықта босанған. Араға бірнеше күн өткен соң қайта оралып, өзгенің баласын алып кеткен. Оны асырап алмақшы болған Алматы тұрғынына сатуды көздеген. Абырой болғанда, күдіктінің арам ойы жүзеге асқан жоқ. Қазірде тергеу жалғасып жатыр. Бүгін қылмысқа барған келіншекті екі ай үйқамақта ұстау туралы сот шешімі шықты.

Жібек Исаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Перзентханада бала ұрлау дерегінің тіркелуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысында төрт мейірбикеге сөгіс және қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ перинатальды орталықтың екі қызметкерімен еңбек келісім-шарты бұзылды.

Хабар 24 телеарнасы