386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалар зерттеліп, құндылығы анықталады

  • 106
  • UPD: 09:39, 17.07.2019
Елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалар зерттеліп, құндылығы анықталады

Бұл істі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі қолға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени мұраларды сақтап, цифрлық жүйеге көшіру мақсатында олар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінде мұрағат қорында 6 мыңнан астам экспонат бар. Жәдігерлердің ең құндысы - Мұхаммед пайғамбардың өмір жолы жазылған қолжазба. Жалпы төрт томнан тұратын туындының бір томы ғана осында сақталған. Мамандар оны зерттеп, төл тілімізге аударған. Алайда бұдан бөлек мыңдаған адам әлі де зерттеуді қажет етеді.

Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы:

Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді жақсылап тереңірек зерттейтін болсақ, оған құнды жәдігерлер керек. Құнды түпнұсқалар керек. Сол түпнұсқалар жан-жақтан бірнеше тілде, соның ішінде парсы тілінен, қытай тілінде жазылған. Мақсатымыз - осы жердегі қорларды бұқаралық біздің зерттеушілерге жеткізу. Соларға таныстыру және біздің ғалымдармен зерттеушілер арқылы бұқараға сонымен бірге жеткізуге біздің мақсатымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы