388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Теннің фотосуреттері елорданың Арбатына қойылады

  • 404
  • UPD: 15:33, 19.07.2019
Денис Теннің фотосуреттері елорданың Арбатына қойылады elorda.info

Халықтың сүйікті ұлы Денис Теннің фотолары елорда Арбатына қойылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорда Арбатының негізін қалаушы Арай Ордабаева Facebook-тегі парақшасында Денис Тенді еске алу мақсатында оның фотолары жұртшылық назарына ұсынылатынын жазды.

«Уақыт сырғып, бір жыл өте шықты. Үйде отырып, егіле жылағаным есімде. Сөйтіп отырғанда, бұдан әрі төрт қабырғаға қамалып отыра алмайтынымды түсіндім... гүл сататын дүкенге барып бір құшақ ақ гүл мен балауыз сатып алдым да екі үлкен мольбертті жайып қойып, еске алу қабырғасы болатынын жаздым. Шынымды айтсам, бұны өзім үшін жазған едім. Ауыр ойлар еңсені басады екен... Осынша адам жиналады деп ойламаппын. Ортақ қайғы біздің басымызды қосты. Еске алу қабырғасына әкеліп қойылған барлық фотографиялар мен портреттерді сақтап қойдым. Ойыншықтарды ғана интернат тәрбиеленушілеріне беріп жібердім. Фотолардың барлығы мольбертке қойылады. Тым болмаса осылай еске алайық. Денистің арамызға қайта оралмайтын түсінікті, бірақ бұл мен үшін маңызды», - деп жазды ол.

Хабар 24 телеарнасы