386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚММУ түлектерінің 40% ауылдық жерлерге жолдама алды

  • 182
БҚММУ түлектерінің 40% ауылдық жерлерге жолдама алды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті түлектерінің 40 проценті ауылдық жерлерге жолдама алды.

Бұл – шалғайдағы елді мекендерді білікті мамандармен қамтуға жасалған қадам. Жас дәрігерлер Атырау, Маңғыстау, Қызылорда мен Ақтөбенің түкпір-түкпіріндегі ауылдарда еңбек ететін болады. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жас мамандар үшін барлық жағдай жасалады. Тұрақты жұмыспен қатар баспанамен қамту да – бұл бағдарламаның артықшылығы. Бір реттік әлеуметтік төлемдер де қарастырылған.

Алтын Алмағамбетова, М. Оспанов атындағы БҚММУ бөлім жетекшісі:

– Биылғы 583 түлектің 124-і бұл бағдарламадан босатылған. Жүкті және 3 жасқа дейінгі балалары бар жас мамандар қатыспайды. Қалған 460 түлекті өтініштеріне сәйкес жолдадық. Нәтижесінде 40 проценті ауылдық жерлердегі медицина мекемелеріне жұмысқа орналасты.

Хабар 24 телеарнасы