386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте түрлі медициналық саланың мамандары жетіспейді

  • 153
  • UPD: 09:03, 22.07.2019

Шымкентте дәрігерлер тапшы. Қазіргі таңда жүзге жуық медицина саласының маманы жетіспей тұр.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша акушер-гинеколог, балалар дәрігері, анестезиолог-реаниматолог, фтизиатрлар мен жүрек қан-тамырларын емдеуші дәрігерлер тапшы. Бұл қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға тән жағдай. 

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы науқастардың өмірі мен ғана емес дәрігерлердің санын сақтап қалумен де күресіп жатыр. Өйткені кәсіби мамандар жетіспейді. Қазірдің өзінде жоғары санаттағы, орта және төменгі буындағы 74 медицина қызметкері жетіспей тұр.    

Перфузиолог Жәнібек Әшіров осы саладағы жалғыз-жарым мамандардың бірі.  Ол мынадай операция жасайтын қондырғылармен жұмыс істей білетін санаулы дәрігерлердің санатында. Кардиологиялық орталықтағы соңғы үлгідегі медициналық аппараттың тілін бес саусағындай білетін жас маманды әріптестері де жоғары бағалайды.   

Жәнібек Әшіров, дәрігер-перфузиолог:

- Бізге кардиологтар, реаниматологтар, анестезиологтар, кардиохирургтер мен педиатрлар жетіспей жатыр. Мықты мамандар табу және осы салада ұстап қалу әрине қиын. 

Дәрігер мамандардың жетіспеушілігінен тұрғындар апталап кезек күтуге мәжбүр.  Ал отандық медицина саласының білгірлерінің айтуынша дәрігерлік білім алған түлктердің тек 30 % ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Қалғаны басқа саланы таңдайды, болмаса дәрігерлерге жасалған әлеуметтік жағдайдың төмендігінен қызметін ауыстырады. Тек өз ісін сүйетін нағыз кәсіби мамандар ғана міндетіне адал болып қалады екен.

Ермағанбет Қуатбаев,  қалалық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Сол өз қызметіне адал жандар қазір біздің медицина саласын құтқарып отыр. Бар салмақ солардың иығында, бар жұмыс сол кісілердің арқасында жүзеге асырылып жатыр. 

Дегенмен, дәіргерлердің болашақтан үміті зор. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көтерілуі айтарлықтай қолдау болды дейді мамандар. Оған қосымша қалалық әкімшілік өз бюджетінен медицина мамандарын даярлауға қаржы салмақ ниетте. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Катерина Попкова, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы