386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады

  • 236
  • UPD: 14:21, 23.07.2019
Ақтауда жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтаудағы филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы тренинг-дәрістерді Агенттіктің аймақтық департаменті қоғамдық қормен бірлесе ұйымдастыруда. Алғашқы сабақтарға 30-ға жуық тыңдаушы қатысты. Олардың қатарында қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары бар. Тыңдаушылар «Маңғыстау - адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобасы, сондай-ақ арнайы мониторинг тобының жұмысы туралы ақпаратпен танысты. Ал қоғамдық қордың өкілі сыбайлас жемқорлықпен күресте қолданылатын стратегиялар жөнінде әңгімелеп, осы бағыттағы халықаралық тәжірибелерге шолу жасап өтті. Дәріс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

Ольга Шиян, қоғамдық қордың өкілі:

- Бұл, айрықша жоба. Мұндай жазғы мектептер Қазақстанның барлық өңірінде жұмысын бастап жатыр. Әр қалада өтіп жатқан дәрістерге кемінде жүзге тарта адам қатысуда. Біздің көздеген мақсатымыз - заң алдында барлық адамның құқығы бірдей түсіндіріп, қоғамды сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақыру. Ақтаулықтар бүгінгі тренингтерде арнайы мониторинг тобының жұмысымен танысып, 1424 call-орталығына қатысты сауалдарына жан-жақты жауап алды.

Хабар 24 телеарнасы