386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде негізгі салықты төлегендердің өсімпұлдары кешірілмек

  • 161
Елімізде негізгі салықты төлегендердің өсімпұлдары кешірілмек

Елімізде 1 миллион 400 мың жеке тұлғаның мемлекетке салықтық берешегі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарыздың жалпы сомасы 20,9 миллиард теңгені құрайды. Оның 14 миллиард-тан астамы –  негізгі қарыз, қалғаны өсімпұлдар. Төленбей келген берешектің 70 проценті көлік құралдарына салынған. 12 проценті жер салығы және жеті процентке жуығы мүлік салығына тиесілі. Енді рақымшылық шарасы аясында негізгі қарызға қосылған 6 жарым миллиардтай өсімпұл кешірілмек. Ол үшін салықтық берешегі бар адамдар негізгі қарызын өтеуі тиіс. Сонда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жеке тұлғаның дербес шотын есептеп, негізгі қарызы өтелген азаматтарға жазылған өсімпұлдарды жояды.

Жайдар Іңкәрбаев, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

– Қазіргі уақытта салықтық рақымшылықты көздейтін тиісті заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Салықтық рақымшылық туралы ережелер Қаржы министрлігінің бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаментіне жеткізіледі. Осыған қоса рақымшылықтың тағы бір шарасы жеке кәсіпкер емес бірақ кәсіпкерліктен туындайтын азаматтардың салықтық қарыздарын шегеру мүмкіндігі пайда болды. 2019 жылдың 1 қаңтарында осындай салық берешегі 16 мың жеке тұлғада бар болды. Жалпы сомасы – 700 млн. Негізгі қарыз 400 өсімпұл 300 млн.

Хабар 24 телеарнасы