386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында әуе апатынан қаза тапқан әскерилерге мемориалдық тақта орнатылды

  • 251
  • UPD: 19:51, 28.07.2019

Қызылорда облысында «МИ-8» тікұшағы апаты салдарынан қаза тапқан әскерилердің құрметіне мемориалдық тақта қойылды.

Ескерткіштің ашылуы рәсімінен кейін құрбан болғандардың рухына ас берілді. Шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов және қаза болған жауынгерлердің туыстары мен достары қатысты. Еске салайық, биылғы 27 наурызда Жалағаш ауданының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 әскери қаза тапқан болатын.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

– Олар әскери антқа, әскери борышына адал болғандықтарын дәлелдеді. Біздің жігіттер ақтық ұрысын абыроймен қабылдап, әскери антқа жауынгерлік бауырластыққа адал болды. Пагон таққан адам Отанының, өз халқының игілігі үшін қызмет етумен және ақтық демі біткенше оны қорғауға дайын болуымен ерекшеленеді.

Хабар 24 телеарнасы