386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы бірқатар ауданда бастауыш мектеп жабылды

  • 109
  • UPD: 20:44, 13.08.2019

Биыл Ақмола облысының Атбасар, Бұланды және Біржан сал аудандарында орналасқан бастауыш мектептер жабылды.

Бұған бала санының аздығы себеп. Мәселен, әр мектепте 3-4 баладан ғана жиналған. Олар енді көрші елді мекендерге барып білім алады. Ал кейбір аудандарда керісінше бала саны шамадан тыс. Сол себепті қазір өңірде 11 мектеп үш ауысыммен оқып жатыр. Олардың төртеуі облыс орталығында болса, қалғаны елорда іргесіндегі Аршалы және Целиноград аудандарында орналасқан. Көкшетаудағы мәселені жауаптылар білім ошақтары жанынан қосымша ғимарат салу арқылы шешпек. Ал аудандарда жаңа мектептер бой көтереді. Айта кетейік, қазір Ақмола облысында 124 мыңнан астам оқушы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 мың балаға көп.

Валерий Гамазов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Қазір облыста 6 мектеп салынып жатыр. Олардың біреуі, яғни Щучинск қаласындағы 800 орындық мектеп оқу жылының басында пайдалануға беріледі. Ал жыл соңына қарай Целиноград ауданында 3 мектептің құрылысы аяқталады. Қалғандары келесі жылға қалады. Одан бөлек, 12 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы