386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы сел қаупі: тікелей қосылым

  • 122
  • UPD: 12:02, 14.08.2019

Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанды. Қазір  «Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзір. Наурызбай ауданында қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пунктер ретке келтірілді. Осы мақсатта Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді. Қарғалы өзенінің арнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды. Ал төтенше жағдайға байланысты  шұғыл штаб құрылды. Сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пунктері белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы