387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

  • 146
  • UPD: 13:27, 19.08.2019
Арыста 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Оның 751-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 56 әлеуметтік нысан, олар: 50 білім беру, 4 денсаулық сақтау және 2 спорт нысаны пайдалануға берілді. 

Қалада 7,5 мың адам жұмыс істейді, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіруде. Қазіргі таңда 33 апатты жағдайдағы саманды тұрғын үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үй салды. Жалпы, сарапшылардың қорытындысы бойынша, 455 жеке тұрғын үй құрылысының нысаны бұзылуға жатады. Барлық күштер қазір оларды қалпына келтіруге жіберілді.    

Сонымен қатар меншік иелерінің келіспеуі себебінен 34 үйде жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Даулы мәселелерді 17 секторда бекітілген әкімдіктердің өкілдері пысықтайды.

Хабар 24 телеарнасы