385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде өскен көкөніс жергілікті нарыққа оң әсер етті

  • 169
  • UPD: 23:50, 19.08.2019
Ертіс өңірінде өскен көкөніс жергілікті нарыққа оң әсер етті

Ертіс өңірінің шаруалары жаппай көкөніс жинауға кірісті. Нәтижесінде жергілікті нарықта сапалы өнім көбейді.

Жәрмеңкелер де ұйымдастырылып жатыр. Сөйтіп, көкөніс бұрынғы бағасынан 20-30 процентке арзандаған. Баға алдағы уақытта тағы түседі дейді мамандар. Қазір азық-түлік пен көкөніс қолжетімді бағамен облыс орталығындағы 30-дан астам әлеуметтік дүкенде сатылып жатыр. 

Арман Асипов, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Кәсіпкерлік бөлімі күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда қаланың базарларында картоптың бағасы 80-90 теңге, қырыққабаттың бағасы 120 теңге және сәбіздің бағасы 100 теңгеден сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы