387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста болған төтенше жағдайды жоюға қатысқан құтқарушылар марапатталды

  • 264
  • UPD: 14:15, 28.08.2019
Арыста болған төтенше жағдайды жоюға қатысқан құтқарушылар марапатталды

Бүгін Түркістан қаласында Арыста болған төтенше жағдайды жоюға қатысқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

109 қызметкердің кеудесіне медаль тағылып, алғыс хат тапсырылды. Олардың барлығы жарылыс болған күннен бастап Арыс қаласында болды. Жеке құрам апат аймағында өрт сөндіру және тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялаумен айналысты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ерен еңбек иелерінің құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырып, салтанатты жағдайда құрмет көрсетті.

Айта кетейік, қазір Арыс қаласы қалыпты жағдайға түсті. Барлық үйлер мен әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Бірақ соған қарамастан төтеншеліктер әлі де қалада кезекшілікті жалғастыруда. 

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Бүгінгі марапат иелері тікелей төтенше жағдайларды жоюға, әскери бөлімдерге кірген, Арыс қаласында халықты қауіпсіз жерге шығаруға қатыстқан қызметкерлер. Қазіргі таңда біздің 25 қызметкер жауынгерлік кезекшілікте, 8 техникамыз Арыс қаласында кезекшілкте тұр.

Хабар 24 телеарнасы