386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жайықжылуқуат» газбен қамтушы компанияға 750 млн теңге қарыз

  • 120
  • UPD: 22:04, 29.08.2019
«Жайықжылуқуат» газбен қамтушы компанияға 750 млн теңге қарыз

Оралдағы жылу тасымалдаушы кәсіпорынның газбен қамтушы компанияға қарызы 750 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жайықжылуқуат» мекемесі енді сол берешегін арнайы кестеге сай біртіндеп төлейтін болады. Қала тұрғындары өз кезегінде жылу жеткізуші мекемеге 400 миллион теңге қарыз екен. «Берешектің басым бөлігі  пәтер жалдаушылар мен жылдар бойы ешкім тұрмайтын үйлерге тиесілі», - дейді мамандар.

Қазір жылыту маусымына әзірлік аяқталып қалды. Қазан айының 1-інен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды. Желілерді жаңартуға компания 1 миллард теңгеден астам өз қаражатын салған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тағы 600 миллион теңге жұмсалған.

Вячеслав Солодилов, жылу жеткізуші кәсіпорнының коммерциялық директоры:

- Біз қазір 17 жеке сот орындаушысымен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың өндірісінде 2 мыңнан аса іс қарауда жатыр. Жалпы саны 858 пәтерге тыйым салынғандықтан, иелері оны сата алмайды.

Әлішер Жұмағалиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Коммуналдық мекемелер 2019-2020 күзгі-қысқы жылыту маусымына толықтай дайын. Көпқабатты үйлерді дайындығы 80%. Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы