389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е. Қарин: Президент атқарушы билік өкілдерін халықпен тікелей жұмыс жасауға шақырып отыр

  • 186
  • UPD: 20:29, 02.09.2019

Мемлекеттік органдар халықтың мұқтажы мен тілегіне құлақ асуы тиіс.

Жолдауда көтерілген осы мәселені қадағалау үшін Президент әкімшілігінде арнайы бөлім құрылған. Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин бұл қадам жергілікті билік пен атқарушы органдардың қарапайым халықпен тікелей жұмыс істеуіне септігін тигізеді» , - дейді.

Ерлан Карин, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:

– Бұл да – Президент тарапынан айтылған маңызды бастамалардың бірі. Себебі Президент осы арқылы жергілікті билік пен атқарушы билік өкілдерін халықпен, азаматтармен тікелей жұмыс жасауға шақырып отыр. Сондықтан да егер сіздердің еңбектеріңіз бен қызметіңіздің нәтижесі тек қана шартты көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар қаншалықты халықтың күй-жағдайын, көңіл-күйін ескеріп отырсыздар, халықпен қалай тіл табысып отырсыздар, осы да ескеріліп отырады деген ұстанымды жеткізіп отыр. Яғни атқарушы билік органдарының өкілдері мен басшылары халықпен, азаматтармен тікелей жұмыс істеу қажеттілігі жөнінде айтылған.

Хабар 24 телеарнасы