387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда Сеул – Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейстерін қайта жандандыру ұсынылды

  • 130
  • UPD: 20:02, 05.09.2019
Оңтүстік Кореяда Сеул – Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейстерін қайта жандандыру ұсынылды Otrar Travel

Оңтүстік Кореяға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев сапармен барып, инфрақұрылымдық кооперация бойынша жаһандық форумға қатысты.

Бұл елдің жер, инфрақұрылым және көлік министрінің орынбасары Пак Сон Хомен жүргізген келіссөздерінде Берік Қамалиев Сеул-Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейстерін қайта жандандыруды ұсынған. Бұрын осы бағдарда қазақстандық және Кореяның екінші ірі әуе компаниясы жолаушыларды тасымалдайтын. Бірақ өткен жылдың күзінен бастап әуе сапарлары тоқтап қалды. Бұған «Asiana Airlines» компаниясының банкротқа ұшырауы себеп болған. Қазақстан астанасымен қатынас орнатуға «Кориэн эйр» компаниясы қызуғышылық танытып отыр. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтаннан Сеулге «Эйр Астана» ұшағы аптасына екі рет қатынайды. 2018 жылы бұл бағдарда жолаушылар саны екі есе артқан. Берік Қамаливетің айтуынша, қосымша рейс Оңтүстік Корея азаматтарының Еуропаға қатынауын жеңілдетіп, жерлестерімізге Сеул арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар жасауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы