389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы оқиға: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты

  • 254
  • UPD: 23:25, 16.09.2019

Шамалған станциясындағы жантүршігерлік жол апаты мұқым елді дүр сілкіндіргені рас.

Ондағы теміржол өткелі жергілікті тұрғындар үшін әлі де қауіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы осындай оқыс жағдай қайталанбас үшін қазір қандай қам-қарекет жасалып жатыр? Кеше ауыр хәлде ауруханаға түскен науқастардың  жағдайы қалай?

Жол апатынан ауыр хәлде Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық ауруханаға  жеткізіліген 5 және 3 жасар қыз бен олардың анасы дәл қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, анасының сәл де болса беті бері қараған. Ал шеке сүйегі сынып, мидың қабығы жыртылған қыздардың жағдайы әлі ауыр.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі жағдайда ота жасаған қызымыздың жағдайы ауыр бірақ төмендеген жоқ. Апаратта комада жатыр. Екінші үш жасар қыз ауыр хәлде себебі миы қатты шайқалған. Орысша айтқанда, ствол мозга. Содан ол ауыр хәлде. Ол да апаратта жатыр.

Оқиға орнында қайтыс болған көлік жүргізушісінің туған-туыстарына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында көңіл айтты. Апат айтып келмейді. «Дегенмен, Шамалған станциясындағы теміржол өткелінің мәселесі бұған дейін бірнеше мәрте айтылғанымен құзырлы мекемелер қимылдаған жоқ», - дейді ауыл тұрғындары. Бұл түйткіл қалай шешіледі деген суалға жауап іздеп аудан әкімдігіне бардық.

Салмасбек Әшімбай, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

- Өткен жылғы Елтай жақтан салынған көпірді білесіздер. Халық онда да арнайы жасалған көпірмен өтпейді. Астымен өтіп кетеді. Өзімізде сондай болып қалады ондай кезде. «Өтіп кетейік жақын болып қалады ғой» деген. Қазақстан теміржолы сол мәселеден кейін ұсыныс жасады, толығымен теміржолдың бойын елді мекеннен шыққанға дейін екі жағынан қоршау істеп тастаймыз деген. Халық тағы көтерілді ол кезде. Болмайды олай деп.

«Алматы облысында осындай қауіпті үш теміржол өткелі болған. Оның біреуі шешілді. Енді «Қазавтожол» және Салық министрлігімен бірлесіп, Шамалған мен Байсерке ауылындағы мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр» -  дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Ертең Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Масұров сонымен қатар министрлік өкілдері осы жақта жиналыс ашады. Тұрғындармен кзедеседі. Ең бірінші мәселе көпір салу. Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан мына жолға жақын орналасқан үйлерді мемлекет тарапына қайтарып алу мәселесін қозғайды. Тұрғындармен жұмыс жүргізеді. Жалпы осы көпір салу мәсселесі осы жерде талқыланатын болады.

Ұлбосын Қожабаевағ ауыл тұрғыны:

Қыста қараңғы ерте түседі. Ол кезде 6-дан бастап кептеліс басталады бізде. Сағат 10-ға дейін үйіне келе алмайды жұмысшылар. Жедел жәрдем шақырсақ кіре алмайды бізге. Қаскелеңнен бері өте алмаймиыз. Көпір керек біздің Шамалғанға.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

Кеше ғана жол апаты болған жерде тұрмыз. Шамалған станциясындағы теміржол өткелі. Машиналар ары-бері ағылуда. Жол ашылды. Тіршілік қайта басталды. Бірақ қандай шешім қабылданды, көпір сала ма жоқ айналма жол салына ма оны дәл қазіргі таңда арнайы құрылған республикалық коммисия мүшелері талқылау үстінде. Дегенмен, жергілікті жұртшылықтың бір ғана тілегі бар. Осы «өлім өткеліне» қандай да бір көпір салынса немесе айналма жол салынса деген ұсыныс-тілектері бар.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы