388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас прокуратура «ДВК» ұйымына қатысты үндеу жариялады

  • 262
  • UPD: 12:28, 20.09.2019
Бас прокуратура «ДВК» ұйымына қатысты үндеу жариялады

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Б.Н.Асылов «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабына қатысты үндеу жасады.

Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сот экстремистік деп таныған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратуда.

Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып, тәртіпсіздітерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сол себепті құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шара қолданатын болады.

prokuror.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы