389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жараланған он әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр

  • 204
  • UPD: 15:34, 23.09.2019

Арыс қаласында 21 қыркүйекте болған жарылыс кезінде жараланған 10 әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бқдан бөлек, министр «әскери бөлімнің сыртында оқдәрілердің сынығы табылуы мүмкін екенін, алайда олардан келетін қауіптің жоғын» айтты. Сондай-ақ министр «апаттың салдарын жоюда ең жауапты кезең басталғанын атап өтті. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Жергілікті тұрғындарға, Арыс қаласына ешқандай қауіп жоқ. Өйткені әскери бөлімнің сыртындағы барлық оқдәрілердің фрагменттері жиналды. Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы полигонда олар жойылып жатыр. Оқдәрінің фрагменттері әскери бөлімнің сыртында жоқ. Анда-санда бірлі-жарым жарылмайтын оқдәрі табылуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің ішінде оқдәрілердің фрагменттені көп. Нақты санын айта алмйамын.

Хабар 24 телеарнасы