389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы 10 млн қазақстандық кепілді медициналық көмекпен қамтылады

  • 242
2020 жылы 10 млн қазақстандық кепілді медициналық көмекпен қамтылады comeca.org

2020 жылды медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер 5%, ал қызметкерлер 2% міндетті жарна төлеумен бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) биыл практикалық сынақтан өтіп жатыр. Жоспар Еуропа елдеріндегі медициналық сақтандырудың бюджеттік және қоғамдық модельдерінің тәжірибесін ескере отырып жасақталды. Қазақстан аралас модель енгізеді.

Айта кету керек, жарна көлемі үлгі ретінде қарастырылған елдермен салыстырғанда арзан. Мысалы Германияда МӘМС жарнасының көлемі жұмыс берушілер үшін 7,2%, ал қызметкерлер үшін 7,3% құрайды.

Азаматтар тарапынан сақтандыру туралы сауал көп. Мысалы, жеке емханалардың қызметін пайдаланатындар міндетті жарнаны артық шығын ретінде қарайды. Мәжіліс депутата Зәуреш Аманжолованың айтуынша, сақтандыру қорына барлық азамат жарна төлеп тұруға міндетті. Айтпақшы, жұмыс берушілер нарықтағы жекеменшік сақтандыру қызметтерін қосымша пайдаланғысы келсе – оған еш шектеу жоқ.

Сақтандыру жүйесі медициналық көмекті пайдаланудағы әлеуметтік алалықты да жояды. Қымбат диагностикалық тексеру мен паллиативтік көмек, жоғары технологиялы деңгейдегі зерттеулер мен емдеу процестері, реабилитациялау - кең көлемде қамтылады. Медсақтандыру сонымен бірге әлеуметтік топтардың кең диапазонын қамтиды. Ұзын-ырғасы 15 санаттан тұратын әлеуметтік топтардың кепілді медкөмекпен қамтылуы – еліміздің он миллионға жуық азаматының денсаулық мәселесін мемлекет автоматты түрде өз мойнына алады деген сөз.

МӘМС қазір Қарағанды облысының 9 ауданының, 11 қаласында пилоттық сынақтан өтіп жатыр. Осы пилоттық аймақта ауыр жарақаттан, инсульттен, инфаркттан, ауыр отадан кейінгі оңалту бойынша 3,4 мың адамға көмек керек. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша қосымша толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, 2020 жылы МӘМС бойынша көмек спектрі заң негізінде нақты бекиді.

Хабар 24 телеарнасы