389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан бала ес-түссіз жатыр

  • 257
  • UPD: 17:19, 24.09.2019
Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан бала ес-түссіз жатыр rus.delfi

Алматыда өгей әке 2 жасар баланы ұрып соғып, ес-түссіз халге жеткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз қолымен ауруханаға апарған ол «бала ойнап жүріп құлап, есінен танып қалды», – деген. Бірақ балаға медициналық тексеру жүргізген дәрігерлер, оның денесінен ұрып-соғу белгілерін байқап, бұл жайтты қалалық полицияға хабарлайды. Тергеу амалдарының нәтижесінде, өгей әке баланы есінен танғанша ұрғанын мойындаған. 

Күдікті азамат «бала тоқтаусыз жылап, жұбатуға көнбеді», – дейді. Ал осы кезде баланың анасы жұмыста болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ауыр халде жатқан баланың анасы мен бұл азамат заңды некеге тұрмаған. Олар Алматы облысынан қалаға жуырда ғана көшіп келіпті.

«Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды»,– дейді қалалық полиция департаментінің өкілдері. Ал бүлдіршін ауыр халде, әлі есін жимады.

Дінмұхамед Рузуддинов, №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Ота, сүйек трепанациясы жасалынып, басындағы ұйыған қандары алынып тасталды. Қазіргі жағдайда бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бала жасанды өкпенің желденуімен жатыр. Жағдайы қазіргі уақытта өте ауыр. Комада. Өміріне қауіпті жағдайда жатыр.

Хабар 24 телеарнасы