389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жүзден астам сарбаз алғаш рет парашютпен секірді

  • 148
  • UPD: 16:27, 30.09.2019
Елімізде жүзден астам сарбаз алғаш рет парашютпен секірді

Талдықорған гарнизонында 100-ден астем мерзімді қызметтегі әскери қызметші Ми-17 тікұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секіруін орындады.

Олардың барлығы парашютпен секіру, жауынгерлік дайындық бағдарламасының айнымас бөлігі болып табылатын Десанттық-шабуылдаушы әскерде қызмет атқаруда.

Бір ай көлемінде бірінші десанттық-шабуылдаушы батальонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері арнайы кешенде бастапқы әуе-десанттық дайындықтан өтті. Олар парашют жүйесінің құрылымын, оның тактикалық-техникалық сипаттамаларын, негізгі және қосымша парашютті салудың ретін, сондай-ақ жерүсті секіру элементтерін пысықтауды орындады.

Әуе-десанттық дайындық бойынша бірінші десанттық-шабуылдаушы батальоны командирінің орынбасары майор Данияр Сыздықов атап өткендей, секіру алдында әрбір әскери қызметшінің моральдік-психологиялық жағдайы тексерілді. Себебі секіруге рұқсат алу үшін психологиялық дайындықтан өту ең маңызды шарт болып табылады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қазметі

 

Хабар 24 телеарнасы