389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

  • 145
  • UPD: 16:19, 09.10.2019
Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Елорда Инфо.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков лауазымынан босатылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша орындау осы Комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.

Хабар 24 телеарнасы