389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде полицейлер білім ордалары маңында кезекшілікке шықты

  • 73
  • UPD: 09:20, 11.10.2019
Ақтөбеде полицейлер білім ордалары маңында кезекшілікке шықты

Әсіресе бағдаршамы жоқ қиылыстар маңы жіті назарда. «Абайлаңыз балалар» жедел алдын алу шарасы оқу жылының алғашқы күнінен бері өтуде.

Осы уақыт аралығында бастауыш сынып оқушыларына жолды кесіп өту әдебі үйретіледі. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған балалардың қатысуымен 120 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 12 бүлдіршін қаза тапса, 123 бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. 

Айдос Құлжанов,  облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының бөлімше бастығы:

- «Абайлаңыз балалар» акциясы Ақтөбе облысы аумағында қазан айының соңына дейін созылатын болады. Айтып өту керек, осы уақыт аралығында мектеп айналасының көше жол торабында балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Қолға алынған шаралардың арқасында қыркүйек айында балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы азаюы байқалады. Соңғы қыркүйек айында 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 бала дене жарақаттарымен ауруханаларға қаралған.

Хабар 24 телеарнасы